Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

23 Қыркүйек 2025, 10:10
412
Бөлісу:
 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында "Қошқар-Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазан айынан бастап 640 гектар жерге 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылып, заманауи суару жүйесі орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда қойма аумағын темір қоршаумен қоршау жұмыстары жүргізілуде. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында іске асырылуда.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қоймаға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

2024 жылғы зерттеу нәтижесінде қойма аумағында радиоактивті ластану шекті деңгейден аспайтыны анықталып, биологиялық рекультивация жұмыстары ұсынылған болатын. Осы негізде 12025-2026 жылдарға арналған жасыл қорғау аймағын құру жобасы1 әзірленді.

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жоба өңір экологиясын жақсартуға, халық денсаулығына әсер ететін факторларды азайтуға, сондай-ақ қалдық қоймасының ұзақ мерзімді экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

Іс-шара барысында өңір басшысына жобаның жүзеге асырылу барысы мен алдағы жоспарлар таныстырылды.

Әкімнің айтуынша, бұл бастама өңір үшін стратегиялық маңызға ие.

"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

Қошқар-Ата қалдық қоймасы – халық арасында көптен бері алаңдаушылық туғызып келе жатқан мәселе. Бүгінгі басталған жұмыстар – экологияны сауықтыруға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі жүйелі әрі ашық түрде жүзеге асыруға мүдделіміз. Жоба Мемлекет басшысының бақылауында тұр. 2026 жылдың аяғына дейін аяқталу қажет, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

 

Өзгелердің жаңалығы