Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қошанов ЖИ еңбек нарығына қалай әсер ететінін айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
26 Қыркүйек 2025, 16:13
685
Бөлісу:
 Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Бұл туралы төраға Ерлан Қошанов Мәжілісте өткен “Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту” тақырыбындағы парламенттік тыңдауда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жасанды интеллект әлем бойынша миллиондаған адамның жұмыс орнына әсер етуі мүмкін.

“McKinsey” компаниясының болжамына сәйкес, 400 миллионнан астам адам жасанды интеллекттің дамуы салдарынан жұмысынан айырылуы ықтимал. “Microsoft” қазірдің өзінде аудармашылар, журналистер, редакторлар, маркетологтар және PR-мамандар секілді мамандықтарды тәуекел тобына енгізді. Бұдан мемлекеттік қызмет саласы да тыс қалмауы мүмкін, – деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ бірқатар елдерде жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізу тәжірибесі басталғанын атап өтті. Мәселен, жуырда Албания мемлекеттік сатып алу саласында министрдің міндетін жасанды интеллектке жүктеген алғашқы мемлекет болды.

Қошановтың сөзінше, жасанды интеллект саясатта да қолданылып жатыр. Жапонияда “Қайта өрлеу жолы” партиясы партияішілік ресурстарды бөлу кезінде жаңа технологияны пайдалануға шешім қабылдаған.

Дегенмен барлық процестің негізгі драйвері – адам екенін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан бүгінде әрбір сала өкілі жасанды интеллектпен жұмыс істеудің негізгі машықтарын меңгеруге тиіс, – деп айтты Мәжіліс төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы