Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

11 Наурыз 2022, 09:12
2953
Бөлісу:
Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкім мәтінінде.

Өзгелердің жаңалығы