Қошанов депутаттарды халықтың сенімін абыроймен ақтауға шақырды

29 Наурыз 2023, 13:15
725
Бөлісу:
Қошанов депутаттарды халықтың сенімін абыроймен ақтауға шақырды
Фото: Ақорда

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарды халықтың сенімін абыроймен бірге атқаруға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайтадан сайланған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов әріптестеріне көрсеткен сенімдері үшін алғыс айтты.

Ең әуелі сіздерге (депутаттарға – ред.) бүгінгі көрсеткен сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сонымен қатар халқымыздың алдында, сіздердің алдарыңыздағы үлкен жауапкершілік, - деді Қошанов.

Мәжіліс спикері депутаттармен бірге сайлаушылардың аманатын, Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін, тәжірибесін салуға уәде берді.

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент сессиясының ашылуында бағытымызды анықтап берді. Оны сапалы және тез арада іске асыру ортақ мәндетіміз. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Бастысы – халықтың бізге деген сенімі бар. Халықтың сенімін барлығымыз абыроймен бірге атқарайық. Бірге атқаратын жұмысымыз жемісті болсын, - деді Ерлан Қошанов.

Өзгелердің жаңалығы