Қошанов барлық партияларды «Жер аманаты» комиссиясына қосылуға шақырды

16 Наурыз 2023, 23:31
851
Бөлісу:
Қошанов барлық партияларды «Жер аманаты» комиссиясына қосылуға шақырды
Фото: khabar24

«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өткен пікірсайыста жер ауылдағы ең өзекті мәселе екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Ол көрерменнің сауалына жауап беру барысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев ұсынғандай жер мәселесін шешу үшін сайлауға түсіп жатқан жеті партия жұмылып жұмыс істеуі керегін қолдап, «Жер аманаты» комиссиясына барлық партиялар қосыла алатынын айтты.

Сондай-ақ ауылды көтеру үшін «Amanat» партиясы қандай қадамдар жасап жатқанын атады.

5 миллион гектар жерді былтыр қайтардық. Биылғы межеміз 5 миллион гектарды қайтару. Бұл жұмысты әлі де жалғастыратын боламыз. Екінші мәселе – ауылдық жерде табыс көзін көбейту. Бұл мәселе бойынша да «Ауыл аманаты» деген жобамыз 1 қаңтардан бастап іске асты. Ол ауылдағы жұмыссыздықты және әр ауыл азаматының кірісін көбейтуге ықпалын тигізетін жоба, - деді партия төрағасы. 

Қошанов үшінші мәселе ретінде ауылдағы мамандардың жеткіліксіздігін айтты.

Ауылға баратын жас маманға 10 миллион теңге көтерме қаржы беріледі. Президентіміз үш жылды ауыл жылы деп атады ғой. Осының аясында барлығымыз тізе қосып жұмыс істесек, ауылды бірге көтереміз ғой деп ойлаймын, - деді ол.        

Өзгелердің жаңалығы