Қос стандарттан кетуіміз керек – заңгер

27 Мамыр 2022, 15:43
1783
Бөлісу:
Қос стандарттан кетуіміз керек – заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Президент айтқандай, біз қос стандарттан кетуіміз керек. Сана сезімді жаңарту керек. Адамдар барлығын ашық айту керек. Ашық айтсақ, біз өз-өзімізді алдамаймыз. Өзіндік цензурадан кетеміз. Әлі де өтірік айтатын мәселелер көп. Өзгеріс рефрендум арқылы келетініне сенемін. Болашағымыз осы өзгерістерге байланысты болып отыр. Әлеуметтік желіде партия құрамыз деп жатыр. Партия құру  - адамның құқығы. Президент те адам құқығын алғашқы орынға қоятатынын айтып жатыр. Бұл партия құрылудың маңыздылығы мен осы өзгерістер әділетті қоғамға сай келіп отыр, - деді ол. 

Бәшімов сарапшылар осындай өзгерістерді халыққа түсіндіруі керектігін айтты. 

Конституциялық өзгерістер жүйелі түрде барлық салаға әсер ететіні мәлім. Сондықтан 5 маусым күні өтетін референдумға барлығымыз барып, өзгерістерге дауыс беруіміз керек, - деді Бәшімов. 

Өзгелердің жаңалығы