6 жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген кісі өлтіруші Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ІІМ мен Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының бірлескен әрекеті нәтижесінде Бішкек қаласында еліміздің 33 жастағы азаматы ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында жасалған қос кісі өлтіруден кейін тергеуден қашып жүрген, - делінген ІІМ хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына (ҰҰИ) қамалды. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.