Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклінің премьерасы өтті.
Оқи отырыңыз:
Түркістан музыкалық драма театры үнемі репертуар таңдауда көне шаһардың түркі әлемінің астанасы екенін ескере отырып, кең ауқымды дүниелерді сахналауда.
Бұл жолы да түркіжұртының атасы-Қорқыт бабамыздың аңыздарына құрылған либреттоны сахналады.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі театрдың балет артистерінің қатысуымен қойылған алғашқы туынды.
Түркістан музыкалық драма театрындағы балет әртістері жан-жақтан жиналған. Жапониядан, Қырғызстаннан, республиканың түкпір-түкпірінен келген талантты жастар.
Айта кетейік, спектаклді қоюға көптеген тәжірибелі маман атсалысты.