Қорғаныс ведомствосына Қазақстан Республикасында қоса аккредиттелген Ресей Федерациясындағы Венгрия Елшілігі жанындағы әскери атташе келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникиннің әскери атташе полковник Лайош Фюлекимен хаттамалық кездесуі өтті.
Тараптар тілдік даярлық пен әскери білім беру мәселелерімен қоса, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын да талқылады.