Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік техниканың Қостанай облысының аумағында жүріп-тұруына қатысты бейнежазбада іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілген.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бөлімше Қазақстанда биылғы жылдың 14 наурызынан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздестіру мақсатымен болды.
Бұдан бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ «Союз МС-19» кемесі қонғаны хабарланған болатын.