Қорғаныс министрлігі қоғам өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

11 Қыркүйек 2022, 13:14
1261
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі қоғам өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді
PHOTO

Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен әскери-патриоттық тәрбие және әскери қызметтің қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Оған Қарулы күштер түрлері бас қолбасшыларының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие құрылымдарының офицерлері,  "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитеті" қоғамдық бірлестігінің басшысы Лилия Хайруллина, "Қазақстан ата-аналар одағы" РҚБ өкілдері Бағила Балтабаева, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Ерзат Жетібаев, "Алматы қ. Қазақстан ата-аналар одағы" РҚБ үйлестірушісі Ирина Бородкина, құқық қорғаушылар және осы салада практикалық тәжірибесі бар психологтар қатысты. Іс-шараға қатысушылар бейнеконференцбайланыс арқылы өз ұсыныстарын айтып, әскери қызметке қатысты сұрақтар қойды.

Қорғаныс министрлігі қоғам өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Генерал-майор Серік Борамбаев атап өткендей, Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және "Өміріңді сақта" бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды арттыру және диалогты нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл, әсіресе, елде күзгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатқан кезде өзекті.

Жақында Алматыда өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Сіздер көтеріп отырған сұрақтарға жауап беретін лауазымды тұлғалардың қатысуымен кездесу ұйымдастыруға келістік. Мұндай кездесулерді біз жүйелі түрде өткізетін боламыз, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.

Кездесуге қатысушыларға тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жетілдіру, әскери қызметшілер арасында қайтыс болу мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған "Өміріңді сақта" бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.  

Талқылау барысында қоғам өкілдері мәселелерді бірлесіп шешуге қызығушылық танытты. 
Мысалы, "Аналар жүрегі "сарбаздар аналары комитеті" ҚБ өкілдері қорғаныс істері жөніндегі департаменттерімен, әскерге шақыру пункттерінде жұртшылықпен, жаңа шақырылушылармен және ата-аналармен бірлескен кездесулер өтіп жатқан кездегі ынтымақтастықтың оң тәжірибесі айтылды. Әскерге шақыру науқаны барысында осы практиканы барлық жерде дамытуға тапсырмалар берілді.

 Бұл армияның қоғам үшін ашықтығын арттыруда маңызды фактор болады.

Жұмыс кездесуінің нәтижелері бойынша қатысушылар әскери басшылар да, жұртшылық та, құқық қорғаушылар да жас ұрпақты дербестікке дайындауға, оларға патриотизм сезімін, Отанның нағыз қорғаушысы болу қажеттілігін дарытуға мүдделіміз деген қорытындыға келді.

 Бұл жұмысты мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік құрылымдармен бірге, үкіметтік емес сектор субъектілерімен де жүргізу қажет.

Өзгелердің жаңалығы