Қорғаныс министрлігі қайта құрылады

Бүгiн, 14:47
198
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі қайта құрылады
Фото: BAQ.KZ архив

Қорғаныс министрлігі қайта ұйымдастырылып, оған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келесі салалардағы функциялары мен өкілеттіктері беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарлыққа 2025 жылдың 13 ақпанында қол қойылды және нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесінің сайтында жарияланды.

Қорғаныс министрлігі қайта ұйымдастырылып, оған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келесі салалардағы функциялары мен өкілеттіктері беріледі:

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, басқару және салааралық үйлестіру Әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (пайдаланудағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстарға және әскери мақсаттағы қызметтерге баға қою.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес құқықтар мен міндеттердің заңды тұлғасы ретінде анықтау", – делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне Президент Әкімшілігімен келісіп, қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдардың штаттық санын қайта бөлуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Жарлықты іске асыру бойынша басқа шараларды қабылдау тапсырылды. Оның орындалуына бақылауды Президент Әкімшілігі жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы