Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарған.
Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті ведомстводан.