Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды

8 Мамыр 2025, 22:57
1072
Бөлісу:
 ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгіннен бастап Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысқан әскери техника мен жеке құрам тұрақты орналасу орындарына жоспарлы түрде қайта бастады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери техниканы тасымалдау теміржол арқылы және өз жүрісімен жүзеге асырылуда. Барлық іс-шаралар 14 мамырға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Министрлік әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы