Қорғаныс министрлігі әскери құрылысшыларға құрмет көрсетті

13 Тамыз 2022, 12:37
1769
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі әскери құрылысшыларға құрмет көрсетті
PHOTO

Гарнизондарда Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ведомстваның мәліметінше, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Алматыда Әскери инфрақұрылым бас басқармасының ардагерлері мен әскери қызметшілерін кәсіби мерекесімен құттықтады.   

Қорғаныс министрлігі әскери құрылысшыларға құрмет көрсетті

Ол әскери құрылысшылардың Қарулы күштерді дамытуға және әскерлерді ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.   

Тәуелсіздік алғанда Қарулы күштерге Кеңес Одағының әскери қалашықтары мен гарнизондарының инфрақұрылымы қалды. Жеке құрамның күш-жігерінің арқасында біз қолда барды сақтап қана қоймай, жаңа нысандарды да салдық. Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы іске асырылуда, онда әскери-құрылыс бөлімшелерінің инженерлік-техникалық әлеуеті де іске қосылады, – деп атап өтті генерал-майор Мұхамеджан Таласов.   

Бүгінде 19 аудандық пайдалану бөлімі мен 6 жол-пайдалану учаскесі бар Әскери инфрақұрылым бас басқармасы қолда бар қорды тиянақты ұстаумен, қызмет көрсетумен, құрылыс салумен, күрделі және ағымдағы жөндеумен айналысады. 

Қорғаныс министрлігі әскери құрылысшыларға құрмет көрсетті

1995 жылдан бастап әскери-құрылыс бөлімшелерінің күшімен құрамында жүздеген ғимараттар мен құрылыстар бар 30-дан астам жаңа әскери қалашық пен кешен салынып, пайдалануға берілді. Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараты, Ұлттық қорғаныс университетінің кешені салынды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған және Балқаш қалаларындағы әуеайлақтар күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. «Жетіген» әскери әуеайлағына және «Сары-Арқа» әуеайлағының әскери секторына жөндеу жүргізілуде.   

Қорғаныс министрлігі әскери құрылысшыларға құрмет көрсетті

Әскери қалашықтар абаттандырылып, кірме жолдар жөнделіп, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары орнатылып жатыр. Аудандық пайдалану бөлімдері әскери қалашықтардың тұрғын үй және әкімшілік үй-жайларын тіршілік үшін маңызды коммуналдық жайлылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.   

Қорғаныс министрлігі әскери құрылысшыларға құрмет көрсетті

Қарулы күштердің ардагерлері, Әскери инфрақұрылымның бас басқармасына ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы еліміздің әскери-құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін медальдармен, естелік белгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концерт әскери құрылысшыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы