Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болған еді.