Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде

Бүгiн, 17:31
163
Бөлісу:
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде
Фото: Архив BAQ.KZ

ҚР Қарулы күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Жоба нормативтік құқықтық актілерді ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының нормаларына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдерінің құзыретіне тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселесі берілді. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 9) тармағы бойынша тікелей көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасын болдырмайды.

Бұдан басқа, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы 27-2-бабының 9-тармағы бойынша көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергілер тудырған заңнаманы бұзушылықтарға жол берілген жағдайда оның қайта жүгінуін талап етпейді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру жөніндегі міндет көрсетілетін қызметті берушіге жүктелген.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15431647 сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы