Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатыса ма? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуінің алдында журналистер министрге осындай сұрақ қойды, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
9 мамырда Мәскеуге барасыз ба? – деп сұрады журналист.
Жоқ. Ертең Жоғарғы Бас қолбасшымыздың басшылығымен жалпы армиялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Руслан Жақсылықов.