Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен және Францияның Қазақстандағы әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьемен кездесті.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар әскери білім беру, бітімгершілік, әскери-техникалық саясат және киберқауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Францияның әскери ынтымақтастығы жоспарлы негізде жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн.