Қорғаныс министрі 37 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақ берді

24 Қазан 2024, 21:09
502
Бөлісу:
Қорғаныс министрі 37 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақ берді
Фото: gov.kz

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында үлгілі қызметі мен әскери міндеттерін адал атқарғаны үшін қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығымен 37 әскери қызметшіге мерзімінен бұрын атақ берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін «полковник» атағын Талдықорған қаласы 21751 әскери бөлімінің командирі Әбдімәжит Жанахметов, «подполковник» – Аягөздегі 97616 әскери бөлімі жеке радиотехникалық батальонының командирі Айдос Жанабеков, «капитан» – Жамбыл облысы Б. Момышұлы ауылы 91678 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы барлау ротасының командирі Ерсұлтан Тынышбеков, «аға лейтенант» – Семей қ. 28738 әскери бөлімі жөндеу ротасының командирі Ақан Жүнісәлиев алды. 

Министр әскери қызметшілерге зор денсаулық, отбасыларына амандық және қызметте жаңа табыстар тіледі. 

Погондарды салтанатты түрде табыс ету рәсімдері Қарулы күштердің барлық түрлерінде және әскер тектерінде де өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы