Қорғалжында жүк көлігімен жолда қалғандар құтқарылды

15 Ақпан 2024, 01:31
376
Бөлісу:
Қорғалжында жүк көлігімен жолда қалғандар құтқарылды
Фото: видеодан скрин

ТЖБ қызметкерлері Нүсіпжан Абдураев пен Жеткізген Қошқарбаев Қорғалжын ауданында жүк көлігімен жолда қалған 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар 14 ақпанда, сағат 21:38-де «Қорғалжын-Баршын» автожолында қарда қалған жүк көлігінен 2 адамды құтқарды, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарылған азаматтар жылыту пунктіне орналастырылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы