Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

8 Тамыз 2024, 18:32
1869
Бөлісу:
Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді
PHOTO
Фото: Александр Федулин

Қазақстанның Экологиялық қоры Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының нысандары маңында журналистерге арналған баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорықта көлдер көп

Астанадан 130 шақырым жерде, Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында Қорғалжын қорығы бар. Ол – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Қазақстандағы алғашқы биосфералық резерват.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Аумағы 543 171 гектарды құрайтын қорықта көлдер көп.

Ежелде бұл жерде Тетис деген теңіз болған. Ол 1830 жылдары кеуіп, сол теңізден қазіргі Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі қалған. Қорықта тұщы көлдер де, ащы көлдер де бар, - деді Қорғалжын қорығының визит-орталығының меңгерушісі Ақбота Наурызбаева.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Ол көлдерді ағынды өзендер толтыратынын айтты.

Мысалы Астана жақтан Нұра өзені келеді. Оның суы – тұщы. Тұщы суда мекендейтін су асты өсімдіктері, балықтар бар. Ащы көлдерде тек омыртқасыз жәндіктер өмір сүреді. Көлдерді сондай-ақ көктемде қардың ағынды сулары, кейбір тұзды көлдер келіп толтырады, - деді ол.

Құс. Жануар. Өсімдік.

Қорғалжын қорығы өзінің бірегей биоәртүрлілігімен әлемге әйгілі.

Мұнда құстардың 365 түрі бар. Оның 42-сі Қазақстанның Қызыл кітабына, 39-ы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Қалғаны – көктем, күзде ұшып-қонып кететін құстар. Былтырғыға қарағанда биыл бізде ұя салушылардың 6 түрі қосылды. Былтырлары 120 құс еді, биыл 126 болды, - деді Қорғалжын қорығының визит-орталығының меңгерушісі Ақбота Наурызбаева.

Қызыл кітапқа енген құстардың ішінде қарапайым қоқиқаз, қаңқылдақ аққу, бұйрабас бірқазан, ақбас тырналар бар.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді
Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді
Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Қорықта өсімдіктердің 500-ге жуық түрі және су және құрлық жануарларының 1400-ден астам түрі мекендейді. Ал Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам сирек түрі белгіленген.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді
Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Бізде Батыс өлкемізде мекендейтін Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген байбақ суыры және ақбөкен бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына өсімдіктердің 5 түрі енгізілген: Шренк қызғалдағы, солғын қызғалдақ, жанаргүл, сарғылт құндызшөп, солғын құндызшөп, – деді Наурызбаева.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Қорық көркі – қоқиқаз

Қорғалжын қорығы қоқиқазымен танымал. Біздің елде бұл құстың қарапайым қоқиқаз немесе қызғылт қоқиқаз деп аталатын түрі мекендейді.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Қарапайым қоқиқаз бізге наурыздың аяғы не сәуірдің басында ұшып келеді. Сосын қарашада көлді мұз баса бастағанда ұшып кетеді. Олар қорығымызға ұя салып, өз ұрпағын өсіру үшін келеді, - дейді Қорғалжын қорығының визит-орталығының меңгерушісі Ақбота Наурызбаева.

Оның айтуынша, қоқиқаздар Қорғалжын қорығының ащы көлдерінде мекендейді. Өйткені ащы көлдерде олардың ең негізгі қорегі Артемия салина шаяны өмір сүреді.

Бұл қорық – қызғылт қоқиқаздың әлемнің ең солтүстігіндегі ұя салу орны. Қорықта 2020 жылы қоқиқаз саны 3500 болса, 2022 жылы 5500-ге жеткен. Ал биыл алдын ала есеп бойынша қоқиқаз саны 8 мың, – деді Қорғалжын қорығының ғылыми қызметкері Александр Федулин.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Алайда биылдың соңғы есебі күзде жүргізіледі. Себебі шамамен 1500 қоқиқаз – әлі ұяда. Сондықтан Қорғалжын қорығында қоқиқаздың көбеюіне барлық жағдай жасалған деуге толық негіз бар. Себебі қоқиқаздар қауіп сезген жеріне қайта оралмауы мүмкін.

Негізі ұя басқан кезде қоқиқаздар өте сезімтал келеді. Қауіп төніп тұрғанын сезетін болса, ұшып кету ықтималдығы бар. Ұшып кететін болса, олар ұяларына қайтып келмейді. Жаңа туған балапандарын да, жұмыртқаларын да тастап кету қаупі бар, - дейді визит-орталығының меңгерушісі.

Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Негізі қоқиқаздар батпақты-сазды жерде мекендейді. Ол жерге жыртқыш аңдар да, адамдар да өте алмайды. Олардың негізгі жаулары – қаңқылдақ қарабас шағалалар. Олар жұмыртқасы мен жаңа туған балаларына шабуыл жасайды, - деді Қорғалжын қорығының визит-орталығының меңгерушісі Ақбота Наурызбаева.

Оның айтуынша, қарапайым қоқиқаздар мамырдың басында жұмыртқа басады. Бірақ қызықтың бәрі балапан туғаннан кейін басталады.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Фото: автордан

Қоқиқаз ұясында қаздың жұмыртқасындай 1-2 жұмыртқа ғана болады. Балапан ұясынан қыркүйектің ортасы мен аяғына қарай шығады. Балапан туғаннан 3-4 күннен кейін ересек құстар кішігірім “балабақша” ұйымдастырып, балапандарын өткізеді. “Балабақшада” балапандар 2,5 айға дейін болады. Оларды 20 шақты басы бос, бойдақ құстар қарап отырады. Балапандардың тәрбиешілері де болады, – деді Наурызбаева.

Маман 2,5 айдан кейін, яғни қарашаның орта кезінде ересек құстар балапандарын алыс жолға ұшуға, өзіне қорек іздеуге үйрететінін айтты. Ал қарашаның аяғында қоқиқаздар оңтүстікке ұшып кетеді. Олар 5 жылға дейін балалық шақта болады, 5 жылдан кейін ғана ересек өмірге өтеді.

Қорыққа келушілерге қандай шектеу бар?

Қорғалжын қорығының визит-орталығының меңгерушісі Ақбота Наурызбаева қорыққа шетелдіктер жиі келетінін жеткізді.

Қорыққа көбіне шетелдіктер келеді. Жылына 3-5 мыңның арасында келушілерді қабылдаймыз. АҚШ, Германия, Польшадан, Еуропадан көп келеді, былтыр Қытайдан келушілер көп болды, - деді ол.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Фото: автордан

Визит-орталық меңгерушісі шетелдіктерден бөлек, қазақстандықтардың өз елінде қандай аңдар мен құстар мекендейтінін білуі маңызды екенін айтты.

Өз елінің табиғатын қорғап, мақтан тұтуы керек, - деді маман.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Фото: автордан

Осы орайда Қорғалжын қорығын көруге келушілер алдын ала хабарласуы керегін ескертіп өтейік.

Аумаққа шығу үшін олар алдымен бізге хабарласады. Сайттарымызда, әлеуметтік желілерде ақпараттар бар. Сосын олардың қай уақытта келетінін жазып аламыз. Туристер өз көліктерімен келіп, ондағы бір орынды олармен еріп жүретін инспекторға қалдыруы керек. Сол кісі аумақты көрсетеді. Гид қызметін де атқарады, - деп түсіндірді ол.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Фото: автордан

Туристер демалыс күндері қабылданады. Оның үстіне қорыққа жалпы саны 10 адамнан аспайтын 2 топты ғана шығаруға мүмкіндік бар.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Фото: автордан

Эко-маршруттар қорғалған аумақта орналасқан. Алдын ала ғылыми зерттеулер жасалды. Оның нәтижесінде қорық аумағына аптасына 20 туристен артық адамды шығара алмаймыз, – деді Қорғалжын қорығының ғылыми қызметкері Александр Федулин.

Қорғалжын қорығына сапар: Бойдақ қоқиқаздар "балабақшада" жұмыс істейді

Фото: автордан

Қорыққа кіру құны 1 адамнан 10 адамға дейінгі топ үшін 13430 теңгені құрайды.

Бізде жабайы табиғат. Дрондарды ұшыруға тыйым салынған. Ұшақтардың белгілі бір деңгейі бар, сол деңгеймен ғана ұшады, – деді Ақбота Наурызбаева.

Өзгелердің жаңалығы