Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан "Қордай" ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз Республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.
Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.
Жүргізушілерге ветеринариялық бақылаудағы жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдауға қатысты ветеринариялық заңнаманың талаптары, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту үшін барлық қажетті құжаттарды алудың маңыздылығы түсіндірілді.