Жамбыл облысының Қордай ауданында, Қордайдың ескі асуында (170-190 км аралығы) ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктері жолда тұрып қалып, автожолдың жүру бөлігін жауып қалды. Соның салдарынан көлік құралдарының жиналуы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі қауіпсіз аймаққа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Ауа райының қолайсыздығы мен автожолдардың жабылуына байланысты Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды ақпараттандыру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында жедел желі телефондарын іске қосты.