Астананың 25 жылдық мерейтойында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылында 90 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нысанның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қарасу ауылында Мәдениет үйінің жоқтығы – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі болған. Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді, - деді аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай.
Мәдениет үйінде би, қолөнер сынды үйірмелері ашылған. Сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстар да өтеді. Мұнда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.