"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды

29 Мамыр 2024, 12:09
871
Бөлісу:
"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды
Фото: автордан

Бүгін екі апта бұрын техникалық режимде іске қосылған Алматыдағы алғашқы эко-хабтың ресми ашылуы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Эко-хаб экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді насихаттау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын сіңіру мақсатында ашылды. Бұл орталықта тұрақты негізде білім жетілдіретін лекциялар, шикізаттан бұйымдар жасау бойынша оқыту дәрістері және шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Сондай-ақ эко-хабта сұрыпталған қатты қалдықтар қабылданады.

"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды

Эко-хабқа кез келген адам үйден қоқыстарды сұрыптап әкеліп, өңделетін қалдықтарды өткізе алады. Бірақ Алматыдағы қоқыс қабылдайтын басқа орындардан ерекшелігіміз - мұнда шампунь, гель құтылары сынды басқа жерлер алмайтын қалдықтарды әкелуге мүмкіндік бар. Тағы бір ерекшелігіміз - қоқысты әкелген адамдар оны орталық ішінде өңдеп, бұйымды жасай алады. Бұл жұмыстарға біздің команда көмектеседі, - деді Eco Network жобасының негізін салушы Евгений Мұхамеджанов.

Сондай-ақ Eco Network басшысы эко-хаб қайта өңдеумен айналысатын компаниялармен серіктесікте жұмыс істейтінін және зауыттар осы жерден тікелей сұрыпталған қоқысты алып кететінін айтты.

"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды

 Осында келген адамдар қайта өңдеумен айналысатын зауыттардың жұмысымен таныса алады. Сонда олар өздері әкелген қоқыстың шынымен пайдаға жаратылғанын түсінеді. Зауыттар 30-40 пайыз ғана қуаттылықта жұмыс істеп жатырмыз дейді. Яғни, мұнда қажетті қоқыс көлемі жиналса, олар күнделікті өздері алып кетуге дайын, - деді Евгений Мұхамеджанов.

"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды
Өзгелердің жаңалығы