Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қоқысқа толы құдыққа құлаған қыз бала мен ер адам қаза тапты

19 Маусым 2025, 21:10
975
Бөлісу:
 kolodeznyemastera.ru
Фото: kolodeznyemastera.ru

17 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Жарлы ауылында қайғылы оқиға орын алды. Қоқысқа толы құдыққа құлаған қыз бала мен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аулалардың бірінде тереңдігі шамамен 10 метр болатын, іші қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен. Мұны көрген 1987 жылы туған ер адам бірден көмекке ұмтылып, өздігінен құдыққа түскен. Алайда, кейін өзі де қайта шыға алмай қалған.

Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, қыз баланы да, ер адамды да ес-түссіз күйде сыртқа алып шықты. Оларға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан екеуі де көз жұмды.

Қайғылы жағдай Көлтабан ауылдық округінің аумағында болған.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен тұрғындарды балаларды қараусыз қалдырмауға, аулалардағы қауіп төндіруі мүмкін нысандардың қауіпсіздігін мұқият тексеруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы