Қоқыс үйінділерін тазартпаған әкімдер жауапкершілікке тартылады – министр

Бүгiн, 10:30
345
Бөлісу:
Қоқыс үйінділерін тазартпаған әкімдер жауапкершілікке тартылады – министр
Фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қоқыс үйінділері азайғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спутниктік технологиялар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың тиімді құралы. Стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы "Қазақстан Ғарыш Сапары" деректері негізінде аумақтық Экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді, - деді Экология министрі.

Министрдің сөзінше, егер әкімдіктер тиісті шараларды қабылдамаған жағдайда лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

2024 жылы 164 лауазымды тұлға жалпы көлемі 9,4 млн теңгеге, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жылдары анықталған қоқыс үйінділерінің саны едәуір азайды. Мәселен, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 57%-ы жойылса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 91%-ы жойылды, - дейді Ерлан Нұрәліұлы.

Өзгелердің жаңалығы