Қоқыс тастаған 1200 павлодарлық азамат жауапқа тартылды

23 Шілде 2024, 16:09
412
Бөлісу:
Қоқыс тастаған 1200 павлодарлық азамат жауапқа тартылды
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында қоршаған ортаны ластаған 1200-ге жуық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжиннің айтуынша, заңбұзушылықтардың барлығын полицейлер қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

Қоршаған ортаны ластау әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Алайда, азаматтарымыз бұны ескермейді, елемейді. Көшелерге немесе табиғат аясында тұрмыстық қалдықтарды тастай береді. Осындай деректер шұғыл әрекет ету орталығының бейнекамералары арқылы анықтаймыз. Камераларға көбінесе темеке тұқылын тастайтын жүргізушілер түсіп жатады. Мәселен, Екібастұз қаласының тұрғыныы пәтерінің терезесінен далаға қоқыс лақтырып жіберді. Бұл әрекет оның көршілеріне ұнамай қалды. Сәйкесінше, олар бізге хабарлады. Біз қоқыс лақтырған адамды жауапқа тарттықұ Осындай деректер жетіп артылады, - дейді жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.

Облыста экологиялық талаптаржы бұзған ірі өндіріс ошақтары да анықталып жатыр. Мәселен, прокуратура органдары «KSP Steel» ЖШС-нің тиісті рұқсаты жоқ заңды тұлғаға 8,5 мың тонна қауіпті қалдықтарды беру фактілерін анықтады.

Прокурорлар қадағалау актісі бойынша салық органдарына хабарлама жіберді. Нәтижесінде кәсіпорынға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 106 млн теңге көлемінде төлем өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

Айта кетейік өңірде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде тазалық шаралары жалғасын табуда. Табиғат жанашырлары апта сайын тонналап қоқыс жинап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы