Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қоқыс шығару қызметтерінің құны төмендеді

17 Маусым 2025, 10:33
415
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Жетісу облысының Текелі қаласында қоқыс шығару қызметтерінің құны төмендетіліп, 10 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының прокурорлары қоқыс шығару қызметін пайдаланатын 10 мыңнан астам тұтынушының құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Текелі қаласы мәслихатының шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын, халыққа жинау және тасымалдау тарифтерін бекіту кезінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің бұйрығымен бекітілген (14.09.2021 ж. №377. "Есептеу әдістемесінде" көзделген формуланы қолдану бөлігінде бұзушылықтарға жол берілген, - делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында. 

Қадағалау актісі бойынша жеке тұрғын үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару қызметтерінің құны 152,69 теңгеге (391,39-дан 238,7 теңгеге дейін), ал абаттандырылған үйлер үшін 7,22 теңгеге (238,7-ден 231,48 теңгеге дейін) төмендетілді.

Нәтижесінде 10 625 қала тұрғынының құқығы қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы