"Green Recycle" қоқыс өңдеу зауытының аумағында қалдықтарды сұрыптау кезінде 1989 жылы туған әйелдің бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға Әлмерек ықшам аудандағы жалдамалы үйлердің бірінде болған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адаммен бірге тұрған ер адам бірге спирттік ішімдік ішемін деп жанжалдасып, әйелін өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.