Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қонаевта "Re women" әйелдер қауымдастығының форумы өтті

27 Қыркүйек 2025, 18:10
736
Бөлісу:
 Pespublica
Фото: Pespublica

Қонаев қаласында "Pespublica" партиясы жанынан құрылған "Re Women" әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Әйел және цифрлық әлем: бизнес, медиа, шабыт" атты форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары Айтуар Қошмамбетов, Нұргүл Тау, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, партияның тең төрағасы Максим Барышев және 100-ден астам әйел-кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. 

Қонаевта "Re women" әйелдер қауымдастығының форумы өтті

Мақсаты – кәсіпкер әйелдерді қолдау, олардың құқығын қорғау, бизнес-жобаларын дамытуға көмектесу.

Қонаевта "Re women" әйелдер қауымдастығының форумы өтті

"Re women` қауымдастығының құрылғанына небәрі жеті ай болды. Осындай аз уақыт ішінде 2000-ға жуық белсенді, кәсіппен, әлеуметтік жобалармен айналысатын әйелдердің басын қосып, қызу жұмыс жүргізудеміз. Бүгінде еліміздің тұрақты дамуында нәзікжандылардың рөлі зор. Форумда әйелдердің көкейінде жүрген мәселелер, ұсыныстар тыңдалып, талқыланды. Алдағы уақытта осы сауалдарды Парламент қабырғасында көтеріп, шешу жолдарын қарастырамыз, – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова.

Қонаевта "Re women" әйелдер қауымдастығының форумы өтті

Шарада әйелдердің бизнестегі рөлі, оларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы жайлы сөз болды. 

Қонаевта "Re women" әйелдер қауымдастығының форумы өтті

Сондай-ақ мамандар жеке бренд қалыптастыруды, бизнеске арналған AI құралдары, ChatGPT мен нейрожелілерді дұрыс қолдануды нақты мысалдармен түсіндірілді.

Өзгелердің жаңалығы