Қонаевта құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

7 Қараша 2024, 11:05
1696
Бөлісу:
Қонаевта құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы облысы Қонаев қаласындағы №2 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде құбыр жарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Салдарынан тұрғындар ыстық су мен жылусыз отыр.

Аталған жағдайға байланысты Қонаев қаласының “Жылу орталығы” мекемесі мәлімдеме жасады. Мамандар бүгін кешкі 18:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүретінін айтты.

№2 тұрғын үй жертөлесіндегі транзиттік кұбырдағы жарылысты жою үшін жөндеу жұмыстарының жүргізуліне байланысты 2024 жылдың 7 қараша күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін №2 шағын ауданда, 2, 3, 4, 5, 6, 6а, 6б, 7, 38, 37, 36, 35, 34, 33, 32, 31, 29 үйлерінде жылу және ыстық өшірелетінін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жағдайды түсінуді өтінеміз. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу мен ыстық су қайтадан беріледі, - деп хабарлады “Жылу орталығы” мекемесі.

Өзгелердің жаңалығы