Қонаевта бөлімге телефон алып кірген екі сарбаздың ісі қаралды

Бүгiн, 21:15
278
Бөлісу:
Қонаевта бөлімге телефон  алып кірген екі сарбаздың ісі қаралды
Фото: Алматы облысы соттары

Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы әскери бөлімде көшпелі сот отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыс барысында бөлім аумағына телефон алып кірген екі сарбаздың ісі қаралды.

Әскери қызметшілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 652-бабының 6-бөлігіне сәйкес айыпталған.

2025 жылдың 11 қаңтары күні сағат 14:00 де екі сарбаз әскери бөлімше аумағына өздерінің мобильді смартфондарын жасырын түрде кіргізіп, жеке мақсатта пайдаланған. Сол арқылы олар әскери бөлімінің командирінің "Әскери бөлімнің аумағында жеке пайдалануға арналған техникалық құралдарды қолдану ережелерін бекіту" туралы №865 бұйрығын орындамаған, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

 

Сот отырысы сарбаздардың қатарластары мен басшылық өкілдерінің алдында өтті. Кінәларын толық мойындаған сарбаздар тәртіптік бұйрықты орындамағандарын растады.

Сот шешімімен екі сарбаздың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы