Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қонаевта акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды

24 Қараша 2025, 12:05
375
Бөлісу:
 Қонаев қаласы әкімдігі
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Қонаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары заңсыз сауда айналымына түскен тауарларды жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған тауарлар «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан тәркіленіп, әрі қарай шара қолдану үшін әкімдікке жіберілген.

Тізімге акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнімдер, Қытайда өндірілген бір тоннадан аса биологиялық белсенді қоспалар және акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері кірді, - делінген ақпаратта.

Мүлікті жою барысында барлық комиссия мүшелері – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен қоғамдық ұйымдар қатысқан.

Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен толықтай жарамсыз етілді.

Өзгелердің жаңалығы