Қонаевта 7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады

5 Мамыр 2024, 20:14
373
Бөлісу:
Қонаевта 7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады

Қонаевта биыл пайдаланылмай жатқан 7000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде оның 2 мыңнан астамы мемлекет меншігіне өтті.

Қазіргі таңда мәселе туындап отырған бірнеше жер учаскелері бар. Мысалы, 18 шағын ауданда мәдени-ойын-сауық орталығына арналған жердің нысаналы мақсаты тұрғын үй құрылысына өзгеріп кеткен. Қазір мұнда аумағы 0,10 гектардан 6 жер иесі бар. Бұған дейін осы жердегі ағаштарды кесу және құрылыс жұмыстары әкімдік тарапынан тоқтатылған болатын. Бұл мәселені жер иелеріне басқа шағын ауданнан жер беру арқылы шешу көзделіп отыр", - дейді ведомство.

Сонымен қатар Индустриальная көшесі 108В учаскесі 2021 жылы рәсімделген. Қазір мұнда кафе салынып жатыр. Алайда, көршілес жер пайдаланушылардан арыз-шағымдар түсіп, жердің мәселесі сотта қаралып жатыр.

Бұдан бөлек, аквапарк жанындағы пайдаға аспай жатқан жер, жол салынуы тиіс жерге басқа нысан салынып жатқан аумақ та қала әкімдігінің бақылауына алынды. Қонаев қаласының Бас жоспарына сай жұмыс жүргізу үшін шаһардағы жер учаскелерінің барлығына мониторинг жүргізіліп, түгенделеді. Биыл пайдаланылмай жатқан 7000 гектар жерді мемлекет меншігіне алу жоспарланған, оның 2 мыңнан астам гектары қайтарылды", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы