Қонаев қаласында маса улауға 40 млн теңге бөлінді

Қонаев маңындағы тоғандарда су көтерілгелі маса мен шыбын-шіркей қаптап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.

21 Маусым 2024 2024, 20:51
АВТОР
 BAQ.KZ  -архив 21 Маусым 2024 2024, 20:51
21 Маусым 2024 2024, 20:51
785
Фото: -архив

Қонаев маңындағы тоғандарда су көтерілгелі маса мен шыбын-шіркей қаптап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлініп, улау жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл жұмыстармен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және «Жасыл қала Қонаев» мекемелері айналысады. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 60 анофелогенді су қоймасында кезең-кезеңмен дезинсекция жүргізіп жатыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қаладағы барлық үйдің жертөлесін дәрілеп шықты. Ал «Жасыл қала Қонаев» мекемесі саябақтар мен скверлерді, су қоймасы аймағын, ашық жерде орналасқан қамыстардың арасын өңдеп жатыр. 

«Жасыл қала Қонаев» мекемесімен маса мен шіркейлерге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуге байланысты келісімшарт жасастық. Оған 6 млн теңге бөлінді. Біз қамыстардың арасын, саябақтар мен жағалауларды 2-3 күн сайын өңдеп тұрамыз. Бұл жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырған дезинсекциядан тірі қалған маса мен шіркейлердің санын азайту үшін жасалады, - деді мердігер Дәмелі Шаймағанбетова.

Наверх