Қонаев қаласында 80 отбасы баспаналы болды

Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай ұйымдастырылған еске алу кешінде қала әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік осал топтағы отбасыларға және кезекте тұрған азаматтарға 80 пәтердің кілтін табыстады.

12 Қаңтар 2025 2025, 21:10
 Қонаев қаласы әкімдігі 12 Қаңтар 2025 2025, 21:10
12 Қаңтар 2025 2025, 21:10
751
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай ұйымдастырылған еске алу кешінде қала әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік осал топтағы отбасыларға және кезекте тұрған азаматтарға 80 пәтердің кілтін табыстады.

Жергілікті билік өкілдері баспаналы болған жандардың бірқатарының шаңырағына арнайы барып құттықтаған.

Баспанаға ие болғандардың бірі – көп балалы ана Назым Ахметова.

Менің 7 балам бар. Үй кезегінде 17 жылдан бері тұрғанмын. Бүгін атамыздың туған күнінде жақсы жаңалық болып, үйге қолымыз жетті. Қуаныштымын! Әлеуметтік осал топтағыларды, көпбалалы аналарды, жетімдер мен ардагерлерді қолдап жүрген мемлекеттік қызметкерлерге алғысым шексіз, – деді Назым Ахметова.

Пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға берілді. Жалға алу құны - қолжетімді. Өткен жылы Қонаев қаласында 85 отбасыға пәтер кілті табысталған.

Наверх