Оңтүстік Африкада алып қолтырауын жеті жастағы балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Citizen басылымына сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Екі ер адам балық аулап жатқанда, олардың балалары өзеннің таяз жерінде ойнап жүрген. Кенеттен судан алып қолтырауын атып шығып, балалардың бірін тістеп, суға қарай сүйрей жөнелген.
Баланы құтқару үшін әкесі жанталаса суға секіреді. Алайда әкесі баласын ажыратып алғанмен, қолтырауын баланың қолын жұлып үлгерген еді. Ер адам жарақаттың орнын байлап, дереу құтқарушыларды шақырды.
Тағы бір куәгердің айтуынша, қолтырауын өте ірі әрі аса агрессивті болған. Шабуылдан кейін олар баланың қолын іздеуге тырысқан, бірақ сол кезде жыртқыш олардың қайығына қайта шабуыл жасауға әрекеттенген. Ақырында ер адамдар курорт басшылығына қолтырауынның көзін құрту жөнінде талап қойған.