Қолшатырды ұмытпаңыз: Алдағы күндері жаңбыр жауады

7 Сәуір 2025, 17:26
802
Бөлісу:
Қолшатырды ұмытпаңыз: Алдағы күндері жаңбыр жауады
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Алдағы үш күнде ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елде құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр, найзағай, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде нөсер жауын жауады. Шығыста түнгі уақытта қатты жауын-шашын – жаңбыр мен қар аралас болуы ықтимал, – делінген хабарламада.

Ауаның температуралық көрсеткіштері мынадай болады:

Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13 градустан 1–9 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15–25-тен 10–20 градусқа дейін жылы болады.

 Солтүстік пен орталықта түнгі температура 0–8 және 2–12 градус аралығында ауысып отырады, күндіз 10–20-дан 17–25 градусқа дейін жылынады.

Шығыс өңірлерде түнде 2 градус аяз – 7 градус жылыдан 5 градус аяз – 5 градус жылы аралығында төмендейді, ал күндіз 13–21-ден 17–25 градусқа дейін біртіндеп жылытады.

 Оңтүстікте түнгі ауа температурасы 10–15 градус жылы болса, күндіз 20–28-ден 23–32 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 5–12 градус жылы, таулы аймақтарда 3 градус аяз – 2 градус жылыдан 3–8 градус жылыға дейін болады, ал күндіз 15–25-тен 12–20 градусқа дейін жылы ауа райы күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы