Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

11 Сәуір 2024, 15:20
1893
Бөлісу:
Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада Ұлттық музейде білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған “Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру” атты халықаралық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумның басты мақсаты – көркем еңбек мұғалімдері мен этнодизайнерлердің басын бір платформада біріктіріп, қолөнер саласындағы мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

 

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Қазақстан Этнодизайнерлер одағының президенті, “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, дизайнер Салтанат Жапарова - іс-шараның ұйымдастырушылардың бірі. Ол жиынның негізгі бағыт-бағдары жайлы түсіндіріп берді.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Бүгін халықаралық этнофорум өтіп жатыр. Бұл елімізде республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға алты мемлекет қатысып жатыр. Көршілес елдердің этномәдени бірлестіктерімен бірлесе өткізіліп жатқан жиынға Қазақстан Этнодизайнерлер одағы ұйытқы болды. Форумның мақсаты – ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді, мәдениетімізді насихаттау, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру, - дейді іс-шараның ұйымдастырушысы.

Форум аясында қолөнерден әртүрлі шеберлік сабақтары, ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі, яғни дефиле, ұлттық спорт ойындары және ұлттық тағамдар, әсіресе ұмытылып бара жатқан тағамдар таныстырылады.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

 

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

 

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум ұлттық құндылықтарға бағытталып отыр.

Форумға Түркия, Әзербайжан, Якутия, Қырғызстан, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының қолөнер шеберлері, қылқалам шеберлері мен кәсіби сәнгерлер, мәдениет қызметкерлер, Халықаралық және Республика көлеміндегі барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтері, көркем еңбек, графика, жобалау және қосымша білім беру ұйымдарының би, музыка пәндерінің мұғалімдері қатысып жатыр.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Солардың бірі - Қырғызстаннан келген Мақсат Сайнидинов. Ол - Жұмғал ауданы, Баш-Куганды ауылы Шатман Садыбакасов атындағы орта мектебінің көркем өнер, технология мұғалімі.

Этнофорумға Қазақстан Этнодизайнерлер одағының шақыртуымен келдім. Форум аясында қазақстандық және басқа да шетелдік әріптестерімен шеберлік сабағын өткізбекпін. Киізден, яғни жүннен жасалатын портреттерді қалай жасау керегін үйретемін. Қырғызстанда киізден бейне түсіру бойынша мемлекеттік патенттік алғаш болып алғандардың бірімін. Отпен сурет салуды да үйретемін. Бірақ бұл қолөнерді мен ойлап тапқан жоқпын. Оны Қырғызстанға келіп шеберлік сабағын өткізген америкалық әріптесімнен үйрендім. Қазір мектепте шәкірттеріме осы өнерді үйретіп жүрмін, - дейді бауырлас елден келген әріптесіміз.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Ол қазақ-қырғыз бауырлас мемлекет болғандықтан, мәдениетімізде де айырмашылық жоқ екенін, мәдениетіміз ұқсас екенін қоса кетті. Мақсат Сайнидинов қазақ пен қырғыз тілдері де ұқсас екенін, әр ұлт өз тілінде сөйлесе де, бір-бірін түсінетінін айтты.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

 

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Іс-шараға қатысушы көркем еңбек пәні мұғалімдері мен Этнодизайнерлер одағының шеберлері тәжірибе алмасады. Яғни мұғалімдер форумда өз тәжірибелерін, білімдерін шыңдай алады.

Көркем еңбек мұғалімдері біздің ұрпағымызды тәрбиелейтін мамандар. Сол себепті олардың шеберлігін шыңдап, балалардың өнерге ынтасын ашу үшін осындай іс-шараларды өткізіп отырмыз. Форумның ауқымы кең. Оқушыларымыздың арасында өзара сайыс өтеді. Мысалы, ұршық иіруден қыздар, қамшы өруден ұлдар жарысады. Сонымен қатар ұлттық ойын түрлерінен – бес тас, тоғыз құмалақтан да оқушылар бақ сынап көреді. Осылайша біз ұрпақтар сабақтастығын ұстанып отырмыз. Яғни мектептен бастап кәсіби шеберлерге дейін, - деп түсіндірді Салтанат Жапарова.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

 

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Мәдениет пен білімді ұштастылып отырған ауқымды этнофорумға шамамен 500-ге жуық адам қатысады деп күтіліп отыр.

Форум екі күн бойы өтетіндіктен форматын екі бағытқа бөліп отырмыз. Мәжіліс залында форумның ашылу салтанаты өтіп, этно бағыттағы киім топтамалары көрсетіледі. Ал басқа елден келген қонақтарымыз да өз киім үлгілерін көрсетеді, - деді этнодизайнер Салтанат Жапарова.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды
Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

"Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру" атты Халықаралық форум барысында TEDХ форматында, сондай-ақ "Сән – таусылмас азық, жұтамас байлық" дефиле, "Ас – адамның арқауы" ұлттық тағам түрлері, "Ата – баба өнері – ұрпақтар мұрасы" қамшы өру ұлдар арасында сайыс, ұршық иіру қыздар арасында сайыс, "Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы", "Көркем еңбек және сызу сабақтарының мәселелері мен шешімдері" дөңгелек үстел мен шебер сыныптар өтіп жатыр.

Қолөнер, ұлттық киім мен тағам: Этнофорумда қазақи құндылықтар насихатталды

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық этнофорум сәуірдің 11-і мен 12-і күндері елордадағы Ұлттық музейде өтетінін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы