Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?

23 Шілде 2025, 18:35
1083
Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - архив
Фото: Нұркен Алишев - архив

Қазақстан Ұлттық Банкі шынайы ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 465 150 теңгенің 96 жалған ақша белгісі (93 банкнота және 3 монета) анықталды. Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ын құрады. Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі, - деп жазылған Ұлттық Банктің хабарламасында. 

Жалған ақшалардың анықталуына байланысты, Ұлттық Банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан қалай ажыратуға болатынын түсіндіріп өтті.

Жалған банкноталар, әдетте, кәдімгі офсеттік қағазға түрлі түсті принтер арқылы және компьютерлік техниканың көмегімен жасалады. 

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?
Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі

Микротекстер бұлыңғыр келеді және ұлғайтқан сайын анықтығын жоғалтады. 

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?
Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі

Жалған банкнотада сутамғы белгісі жоқ.

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?
Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі

Патч элементінің көлемді бейнесі жоқ және кәдімгі бояумен басылған, күн белгісі сәулесінің жан-жаққа шашыраған голографиялық әсері мен номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері болмайды.

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?
Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі

Қорғаныш жібі динамикалық және түсін өзгерте алатын әсерден ада, әрі жарыққа тосып қарағанда тұтастығы байқалмайды.

"Қолдан жасалған": Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырата аласыз ба?
Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі

Айта кетейік, егер сізге шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Еске салайық, бұған дейін "Ақшаны қалай жинаған дұрыс? деген сұраққа қатысты сарапшының жауабын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы