"ҚазАвтоЖол" үш облыстағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 желтоқсан сағат 22:00 ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Жамбыл облысы:
- "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін);
Түркістан облысы:
- "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).
Алматы облысы
Сағат 22:00-де "Күрті-Қонаев" автожолының 0-67 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.