Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қолайсыз ауа райы: Пойыздарда бес бағытта қосымша орын бөлінді

Кеше, 21:00
161
Бөлісу:
 "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығы және бірқатар автожолдардың уақытша жабылуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша көлік қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар үшін Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау, Бурабай курорты бағыттарынан Астанаға дейінгі пойыздарда қосымша орындар қарастырылды.

Осыған байланысты 2025 жылғы 16 желтоқсанда төмендегі пойыздарда жолаушыларды отырғызу ұйымдастырылады:

  • №7502 Астана – Павлодар (Ерейментау станциясынан отырғызу);
  • №139 Павлодар – Пресногорьковская (Ерейментау станциясынан отырғызу);
  • №6830 Көкшетау – Астана (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
  • №7508 Көкшетау – Астана Нұрлы жол (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
  • №045Ц Павлодар – Түркістан (Екібастұз және Шідерті станцияларынан отырғызу).

Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жедел түрде тұрақты шаралар қабылдап, қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстап отыр. Азаматтардан жеке қауіпсіздігін сақтап, алыс сапарларға шықпау сұралады.

Өзгелердің жаңалығы