Бүгін Астанада жауын-шашын жаңбыр түрінде жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Көшеде қозғалған кезде, әсіресе жолдан өту барысында мұқият болу, таймайтын табаны бар аяқ киім кию және мүмкіндігінше алыс жолға шықпау ұсынылады. Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.