Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде ұсақ бұзақылық жасағандарға салынатын айыппұлдың көлемі артқан. Сонымен қатар қамауға алу мерзімі де ұзартылды.
Қазіргі таңда мұндай құқықбұзушылық (қоғамдық орындарда балағат сөз айту - ред.) үшін сот шешімімен 5 АЕК, яғни 17 250 теңге көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы белгіленген. Жаңа редакциядағы бойынша айыппұл 20 АЕК, яғни 69 000 теңге, ал қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін өзгерді, - деп атап өтті Құрымбаев.
Айтуынша, аталған өзгерістер наурыздың басында өз күшіне енеді.
Сондай-ақ жаңа редакцияда ұсақ бұзақылық қатарына қоғамдық жерде балағат сөз айту, жеке тұлғаларға жармасу, ғимараттарды және басқа да құрылыс нысандарын, қоғамдық орындарды, тұрғын үйлерді, көліктегі мүлікті бүлдіру сынды қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жатқызылған.