Алматыда қоғамдық көлікте үш қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар азаматтардың қалтасын қаққан. Күдіктілер №85 бағыттағы қоғамдық көлікте жасалған қылмыстан кейін ұсталды. Сол жерде жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды суырып алған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер – 1989 жылы туған К. есімді азаматша, 1989 жылы туған В. есімді азаматша және 2000 жылғы В. есімді азаматша. Олар – Алматы облысының тұрғындары. Қазір ұсталған адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Polisia.kz мәліметінше, ұсталған үш адамның екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған.