Бұл туралы аналитик-менеджер Елдос Жұмағұлов Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында өткен «Мемлекет басшысының Жолдауындағы қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі негізгі ережелерін талқылау» тақырыбында сараптамалық кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен жиынға үкіметтік емес ұйым мүшелері, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.
Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысты сұрақтар көп қойылады. Себебі олар Президенттің «естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналып отыр. Сондықтан қоғамдық бақылауды күшейту үшін, қоғамдық кеңестердің мәртебесін көтерген дұрыс, - деп атап өтті институттың аналитик-менеджері Елдос Жұмағұлов.
Сондай-ақ жиында қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыға түсті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша мәселелер қаралатын отырыс өткізуді де жоспароап отырмыз. Сондай-ақ азаптау мәселесі туралы сұрақтар да өзекті. Қаңтар оқиғасынан кейін адамдарды ұстап, азаптаған жайттар көп орын алды. Біз қоғамдық кеңес ретінде осы мәселелерді көтеріп, болашақта мұндай жағдайлар қайталанбас үшін нақты шаралар әзірлегіміз келеді. Қазір қоғам өте белсенді. Facebook әлеуметтік желісінде «ІІД реформалары үшін» деген топ бар, сол жерде күн сайын мәселелер көтеріледі. Мен қоғамдық кеңеске мүшелікке өтініш бергенімде, конкурс күшті болды. Мүшелікке кіргісі келетін адамдар да көп еді. Қазір қоғам шешім қабылдауға белсенді қатысып, сонымен қатар тек халыққа ғана емес, мемлекетке де көмектесетін нұсқаулықтар ұсынғылары келеді, - деді Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі Баян Тойкебаева.