Қоғамдық кеңес әзірлеген Ұлттық баяндама Президент қарауына ұсынылады

4 Қараша 2022, 15:36
1454
Бөлісу:
Қоғамдық кеңес әзірлеген Ұлттық баяндама Президент қарауына ұсынылады
Фото: автордан

Бүгін елордада Қазақстандық қоғамдық даму институтында Sarap сараптамалық клубының «Кезектен тыс сайлау-2022: Жаңа Қазақстанды құру жолында» атты отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаттанушылар, қоғам пікір көшбасшылары мен сарапшылар қатысты. 

Отырысты ұйымдастырушылар кезектен тыс өтетін президенттік сайлаудың рөлі мен маңызын талқылауды мақсат тұтқан. 

Белгілі болғандай, қоғамдық кеңестер жұмысын алға қоятын Ұлттық баяндама жобасы әзірленген. 

Елімізде демократияны дамыту үшін мемлекеттік басқару ісіне азаматтық қоғамның белсенді қатысуы өте маңызды. «Қоғамдық кеңестер» туралы заңға сәйкес, Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Ұлттық баяндамада Қоғамдық кеңестер институтының қазіргі кездегі жағдайы, жұмыс істеу тетіктері және оның жұмысынадғы проблемалық жағдайлар сипатталады. Ұлттық баяндаманың мақсаты – қоғамдық кеңестер жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, - деп атап өтті Қазақстандық қоғамдық даму институтының талдаушы-менеджері Елдос Жұмағұлов.

Сонымен қатар сарапшы баяндаманы дайындауға мемлекеттік органдардың өзекті статистикалық және талдамалық деректері, республикалық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер мен сұхбаттардың нәтижелері пайдаланылғанын алға тартты. 

Зерттеу еліміздегі қоғамдық кеңестердің проблемалық мәселелерін дамытуды және талдауды қамтиды. Ұлттық баяндама жобасын дайындау барысында әлеуметтік сауалнамада 1200 респондент қамтылды. Сонымен қатар ел өңірлеріндегі қоғамдық кеңестердің өкілдерін қамти отырып, терең сұхбаттарға талдау жүргізілді, - деді Елдос Жұмағұлов. 

Өзгелердің жаңалығы