Қоғамдық бақылау: 1 күн ішінде 100 адам дайын екенін айтты

12 Шілде 2020, 22:53
1851
Бөлісу:
Қоғамдық бақылау: 1 күн ішінде 100 адам дайын екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық бақылауға мүше болуға өтініштер көптеп түсіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі парақшасында жазды.

Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық мекеме ішінде не болып жатқанын қарайтын адамдардан қоғамдық бақылау құрайтынын айтқан еді.

Бір тәуліктің ішінде ғана жүзден астам қазақстандық Қоғамдық бақылау тобына қосылуға дайын екендіктерін айтты. Көбісі - Қазақстанның алыс аймақтарынан. Оның ішінде аудан орталықтары мен ауылдардан бар. Адамдар өздерінің жақын және қымбат адамдарында кездескен проблемалары туралы жазады. Көптеген ұсыныс бар, сын да айтылып жатыр, - дейді Лима Диас.

Оның айтуынша, ең өзекті мәселелердің қатарында - дәрігерлердің еңбек жағдайлары, науқастарға арналған ауруханаларда болу шарттары, елге келетін гуманитарлық көмектің үлестіруінің ашықтығы.

Қазір штаб құру жұмыстары басталып кетті. Ең қиын ұйымдастыру кезеңін өткеріп жатырмыз. Біз медициналық мекемелермен, жергілікті әкімдіктермен, қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлейміз. Аймақтық үйлестірушілердің тізімі ертең күні бойы жарияланады. Сондай-ақ, белсенділерімізді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін шешу жолымен жұмыс істеудеміз. Өйткені адамның қауіпсіздігі бірінші кезектегі міндет болып табылады, - дейді кеңесші.

Өзгелердің жаңалығы